Бір ел – бір кітап
2024 жылғы 20 қаңтарда Ғ.Ақтаев атындағы № 6 мектеп – гимназиясының 3 «Г» класс оқушылары экскурсияға келді.
- Подробности
- 23
2024 жылғы 20 қаңтарда Ғ.Ақтаев атындағы № 6 мектеп – гимназиясының 3 «Г» класс оқушылары экскурсияға келді. Оқырмандарға «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ балалар әдебиетінің классигі, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың кітаптарына шолу жасалды.
«Балалық шаққа саяхат» повесі
- Подробности
- 24

2024 жылғы 18 қаңтар күні «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ балалар әдебиетінің классигі, жазушы Б. Соқпақбаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында №2 ЖОББ мектеп-гимназияның 3 сынып оқушылары жазушының «Балалық шаққа саяхат» повесіне әдеби талдау жасады. Шығармадан алған әсерлерімен бөлісіп, үзінділерді жарыса жатқа оқыды. Талдау барысында «Топтастыру», «Тамшыдағы сұраққа жауап бер», «Құпия сөз», «Шығармадан үзінді айт», «Кейіпкерді тап» атты тапсырмалар ұсынылды.
2023 жылдың 3 наурызында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кңтапханасы № 42 орта мектебінде «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Төлен Әбдіктің парасат әлемі» әдеби-кейс ұйымдастырды.
- Подробности
- 30

2023 жылдың 3 наурызында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кңтапханасы № 42 орта мектебінде «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Төлен Әбдіктің парасат әлемі» әдеби-кейс ұйымдастырды. Жазушы Төлен Әбдіктің өрнегі мол шығармаларын оқуға насихаттау, өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұту, балалардың кітап оқуға құлшынысын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шарада жазушының «Қонақтар» әңгімесі талқыланды.
2023 жылғы 7 ақпан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында жазушы Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған «Ізгілік теңізінен інжу терген» әдеби кеш өткізді.
- Подробности
- 39

Шараға Қазақ-Орыс Халықаралық университеті, «Гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, магистр, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің докторанты Ермұқанова Индира Жақсылыққызы, М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шүгурова Күнсұлу Оңғалиқызы қатысып, қаламгердің шығармашылық келбеті, шығармашылығындағы ұлттық болмысы туралы айтты. Адамгершілікке, ізгілікке, мейірімге, еңбексүйгіштікке жетелейтін «Өліара» романы, «Әке», «Парасат майданы», «Оң қол», «Қонақтар», «Қайырсыз жұма» әңгімелерін талдап, рухымызды шыңдайтын қаламгердің кітаптарын оқуға шақырды.
