2022 жылғы 19 қазанда «Менің Қазақстаным – менің болашағым» танымдық әдеби кеш өтті

     2022 жылғы 19 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Республика күніне орай  Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында «Менің Қазақстаным – менің болашағым» танымдық әдеби кеш ұйымдастырды.

     Шара барысында  замана сырын жырға қосқан ақындарымыздың өлеңдері оқылып, халық күйлері «Салкүрең» мен «Айжан қыз» орындалды. Тұтас ұлттың мәдениеті мен дәстүрін танытып жүрген қазақ күйімен қатар, Алмас Ахметбекұлының «Көк тудың желбірегені» әні шырқалды. Оқырмандар назарына «Жасай бер, жаса Қазақстан!» атты кітап көрмесі ұсынылып, киелі Отанымыздың тарихи даму жылдарына библиографиялық шолу жасалды.

1

2

3

4

5

6

7

8

9