2022 жылғы 27 қазанда «Кітап. Тұлға. Рух.» жобасы аясында «Өнері биік  тұлғалар» атты кездесу кеші өтті

     2022 жылғы 27 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында  «Кітап. Тұлға. Рух.» жобасы аясында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, қолданбалы-сәндік өнер шебері, зергер, Болат Төлеубайұлы Атыраубаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, күйші Жайлау Жаншаұлы Асылханов және ақын, сазгер, ҚР Мәдениет саласаның үздігі Орал Ноғайбайұлы Байсеңгірмен «Өнері биік  тұлғалар» атты кездесу кешін өткізді.

     Шара қонақтары жас ұрпақтың рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен  тәрбие құралы –кітап екендігін, өз өмірлеріндегі  жетістіктері туралы, жетістікке жетудің қыры мен сырымен бөлісіп,  адам жасында қиялға берілгіш, арманшыл, белсенді болып келсе, өсе келе өмірге шынайы көзібен қарайтын парасатты, жалған мен ақиқатты айыра алатын, әлеуметтік кемелденген тұлға болып қалыптасатыны  туралы айтып, оқырмандармен еркін сұқбаттасты.

1

2

3

4

5

6

7

8

9