2022 жылғы 11 қараша күні «Kitapland Travel» квест өтті

     2022 жылғы 11 қараша Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Ымырттағы кітапхана» аясында «Kitapland Travel» квест өткізілді.

     Шараның  мақсаты: балалар әдебиетін насихаттау; балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін қастерлеуге тәрбиелеу, білімге құштарлығын арттыру.

«Kitapland Travel» квест шартына сәйкес құралыған үш топ 5 негізгі кедергілерден өтті.

«Табалдырық» кедергісінен бастаған балалар ақын-жазушылардың шығармаларын жинақтап, әдебиет саласы бойынша білімдерін сынады.

«Әудем жерде» оқырмандар  берілген шарлардың ішінде жасырылған сиқырлы даталар бойынша Тәуелсіз еліміздің тарихына шолу жасады.

«Қозы көшке» келіп, жас партиоттар еліміздің көрікті жерлері бейнеленген пазлдар құрастырды.

«Бел асарда» Ақтөбе қаласының ескерткіштеріне танымдық саяхат жасаса, «Жолайрықта» балалар сөзжұмбақ шешті.

     Квест балалардың қарым-қатынасының дамуына ықпал ететін көптеген жағымды және қуанышты эмоциялар туғызып, есте сақтау, назар аудару, зейінділік, логикалық ойлау икемділіктерін дамытуға да мүмкіндік берді.

«ZEREK BALA» әдеби баттлында Бексұлтанов Ернұр жеңімпаз атанды.

Шараға Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушылары қатысты.

1

2

3

4

5

6

7

8