
2022 жылғы 11 қараша күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Бауыржан Момышұлы атындағы №62 орта мектебінің кітапханасында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Қажығали Мұқамбетқалиұлының туғанына 80 жыл толуына арналған «Батырлар рухымен сырласқан қаламгер» ауызша журналын өткізді.
Ауызша журналдың «Қаламы қарымды қаламгер», «Тар кезең» - тәуелсіздік сиясымен жазылған рухани қазына», «Туған жер мақтанышы» атты үш бөлімі арқылы қаламгердің әдебиеттегі алатын орны, өмірлік көзқарасы, адами қасиеттері, шығармашылығы, соның ішінде санамызға рух боп сіңірген шығармасы «Тар кезең» романы жайында терең әңгіме қозғалып, қазақ тарихындағы қилы кезеңде жатқа тізгін бермеген Сырым Датұлы сынды айтулы тұлғаның қайтпас қайсар рухтағы ерлігі жас ұрпаққа үлгі етіліп, олардың ел егемендігінің түп-төркінін түсінуіне, тағылымын, тұлғаның саясаткерлігі насихатталды.