
Бүгін Халықаралық балалар құқығын қорғау күніне арналған «Біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз» атты ақпараттық сағаты № 11 мектеп-гимназиясында өткізілді. Мектептің әлеуметтік педагогы Головнёва Инна Андреевна балалардың сұрақтарына жауап берді. Балалар «Өз құқығыңды біл» ойынына қатысып, тақырыптық кітап көрмесімен танысты.