
2022 жылғы 1 желтоқсан күні «Ымырттағы кітапхана» жобасы аясында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Оқимыз. Ойлаймыз. Армандаймыз» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Шараға кітапхананың белсенді оқырмандары, №42 жалпы білім беретін орта мектептің 6 сынып оқушылары қатысты.
Сегіз кезеңнен құралған ойында балалар «Кітапсүйерлер» және «Кітапқұмарлар» топтарына бөлініп, әдебиет, поэзия, дүниетаным тақырыптары бойынша білімдері мен тапқырлығын көрсетті.
«Кітаптың үйі – кітапхана» кезеңінде балалар оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөліссе, «Сұрақтар керуені» бөлімінде түрлі тақырыпта сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салады.