
2022 жылғы 8 желтоқсанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – бастауы бар бақыттың!» патриоттық акция ұйымдастырды.
Шараның мақсаты: балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін қастерлеуге тәрбиелеу; балалар әдебиетін насихаттау; балалардың білімге құштарлығын арттыру.
Кітапхананың белсенді оқырмандары М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының, Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің, Б.Момышұлы атындағы №62, №45, І.Есенберлин атындағы №15 орта мектептерінің оқушылары «Жарқыра, жанған күндей Тәуелсіз ел!» мерекелік бағдарламасын ұсынды.
Жас патриоттар назарына «Тәуелсіздік – баға жетпес байлық» атты кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жүргізілді.