2022 жылғы 8 желтоқсанда «Елім менің» атты квиз өтті

     2022 жылғы 8 желтоқсанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Ымырттағы кітапхана» аясында «Елім менің» квиз өткізді.

     Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірінен сыр шертіп, еліміздің даму тарихына терең бойлайтын әдеби зияткерлік ойынында М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 7 сынып оқушылары қатысты.

     Балалар  тіл сауаттылығы мен тұрақты тіркестер, көне сөздер мен ел тарихындағы тұлғалар туралы бейне сұрақтарға жауап беріп, тартысты ойын үлгісін көрсетті.

1

2

3

4

5

6

 

 

7

8