2022 жылғы 13 желтоқсанда «Мінсіз талант, мінезді өлең» атты жыр сағаты өтті

     2022 жылғы 13 желтоқсанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы  ақын Мұхтар Шахановтың 80 жасқа толуына орай М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатында «Мінсіз талант, мінезді өлең» атты жыр сағатын өткізді.

     Шара барысында елдік, ұлттық мүдде үшін шындықты ту етіп, арына жалау еткен  қоғам қайраткерінің  өмір жолы туралы мәлімет беріліп, жастық шақ пен әдебиет әлемінен сыр шертетін ескерткіш фотолары таныстырылды.  Ақынның  ерекше талғампаздықпен  жазылып, оқырман қауымды толғандырған «Төрт ана»,  «Рух пен тіл»,  «Өзендер», «Жігерлендіру» атты  өлеңдері оқылды.

     Оқырмандар назарына  «Даланың дархан данасы» атты кітап көрмесі ұсынылып, ақынның сан алуан  тақырыпты қамтыған, әр жылдарда  жазылған  өлеңдері мен дастандары, поэмалары енгізілген кітаптары таныстырылды.

1

2

3

4

5