
2022 жылғы 13 желтоқсан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №52 негізгі орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Отаным десем ойыма...» патриоттық әдеби кеш ұйымдастырды. Тәуелсіздік – баға жетпес байлық екендігі түсіндіріліп, балалардың дүниетанымдарын кеңейтетін белгілі ақындардың өлеңдерімен қатар, «Тәуелсіздік – ел ұраны» әні орындалды.
Оқырмандар назарына «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» кітап көрмесі ұсынылып, киелі Отанымыздың тарихи даму жылдарына библиографиялық шолу жасалды.