2023 жылғы 16 наурыз күні «Мен дені сау баламын, Таудай менің талабым!» денсаулық сағаты

    2023 жылғы 16 наурыз  күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Ымырттағы кітапхана» жобасы аясында Мұқағали Мақатаев атындағы № 73 жалпы білім беретін орта мектептің  1–класс  оқушыларының қатысуымен «Мен дені сау баламын, Таудай менің талабым!»   тақырыбында денсаулық сағаты өткізілді. 

   Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды заттардан аулақ болуға шақыру.   Оқырмандарға «Біз күштіміз, ептіміз!» кітап көрмесі ұсынылып, «Жаманнан жиренжақсыдан үйрен» дегендей жақсы мен жаманның арасын ажырата білуді, дұрыс тамақтану, дене гигиенасы туралы мәліметтер берілді. Балалар сергіту сәтінде   мақал-мәтелдер айтуда жарысып, викториналық сұрақтарға жауап беріп, ойындарға қатысты. Өнерлі оқырмандар «Дәрігер мен бала» тақырыбында көрінісін көрсетті.

1  2  3  45  67  89  10