2023 жылғы 9 наурыз күні «Ұлттық киім - ұлт мінезі»  этносағат өтті

      2023 жылғы 9 наурыз күні  Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Ымырттағы кітапханада» аясында Наурыз мерекесіне бағытталған «Ұлттық киім - ұлт мінезі»  этносағатын өткізді.

Дана Абайдың «киім кию салты ар­­­қы­­лы адамның мінез-құлқы, қоғам­дағы ор­­­ны, болмысы анықталады» дегеніндей, шарада ұлттық киім – Ұлы даланың қастерлі қазынасы, мызғымас мәдени мұрасы, болмысы бөлек, бітімі ерек қазақ халқының ерекшелігі мен өшпес өнегесі екендігі айтылды.

№31 орта мектебінің «Шолпы» клубының мүшелері мен жетекшісі Орнай Бижанқызы Ірдісова шаштың сәні – шолпының қаситі, тағу жолдары туралы әңгімелеп, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдеріміз ұлықталды.

12345678