2023 жылғы 24 ақпан күні «Өнер сүйген өмір»  АRT-кеші

   2023 жылғы 24 ақпан күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы №1 балалар музыка мектебімен біріге отырып, музыка мектебінің салтанат залында А.Жұбанов атындағы Ақтөбе облыстық қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, профессор, компазитор Қ.Қожанбаевтың 85 жасқа толуына орай  «Өнер сүйген өмір»  АRT-кешін өткізді.

             Шарада композитордың өмір жолы, өнері, атқарған қызметі, Ақтөбе шаһары мәдениетінің көтерілуіне қосқан үлесі туралы кеңінен баяндалды. Шараға Қ.Қожанбаевтың шәкірттері А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің директоры Аманжол Дүйсенұлы Исмағұлов, күйші, ҚР Мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, қазанғаптанушы Жайлау Жаншаұлы Асылханов қатысып, композитордың музыка саласын жаңа көркемдік дәрежеге көтерген еңбегі және ұстаздық қасиеті туралы әңгімелесе, Қайырғали Қожанбаев өзінің ұстазы Ахмет Жұбанов туралы естеліктерімен бөлісті. Кітапхана оқырмандары өнер майталманымен еркін сұхбаттасып, құрмет көрсетті.

Кеш шымылдығын №1 балалар музыка мектебінің оқушылары «Көңілашар» фольклорлық ансамблі «Арнау» күйімен ашып, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Күләш Бәйсейітова атындағы төсбелгі иегері, Ғ.Жұбанова атындағы филармония әншісі, № 1 Балалар музыка мектебінің академиялық вокал класы оқытушысы Манзура Сейілхановна Сапарова әнмен тербеп, жас домбырашылар күйлерін күмбірлетті.

Ақтөбе өңірінің өнері және өнер қайраткерлері туралы сыр төгетін «Өнерлі өлкенің оты өшпейді» кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.

123456789