
2025 жылдың 17 наурыз күні 17-наурыз Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аясында кітаптың құндылығын насихаттау мақсатында «Автормен бірге кітап оқу» атты ақындармен кездесу кеші өтті.
Шара қонақтары ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын, сазгер, аудармашы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі», тележурналист Гүлсамал Аймаханова, ақын Есенбек Жұмағалиев және жас ақын Александр Мәруаұлы.
Сырлы сұхбатқа толы болған әсерлі кеште оқырмандарымыз ақын өмірі мен шығармашылығы,адами болмысы , жаңалықтары және алдағы жоспарларымен танысты. Ақындарымыз боламын деген жыр сүйер жастарға кітаптың адамды шыңға жетелейтінін айтып, ақыл-кеңестерін берді.
«Желкен» әдеби клубының мүшелері ақынның шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзеліс пен қуаныштан туған өлеңдерін ақынмен бірге жарыса жатқа оқыды.
Ақындармен оқырмандар естелікке суретке түсіп, қолтаңба алысты.