
2025 жылдың 13 наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Ғ.Ақтаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясында Мөңке би Тілеуұлының 350 жылдығына арналған «Халқының болашағын көрегендікпен болжаған - Мөңке би» портрет сағаты өтті.
Мөңке бидің қазақ тарихы мен қоғамындағы орнын кеңінен насихаттап, оның өнері жалғыз шешендікпен шектелмейтінін,өз заманында би, әрі батыр қолбасшы, ірі қоғам қайраткері, жырау, күй шығаратын да өнері туралы толық ақпарат берілді. Оқырмандарға Мөңке бидің билік тәжірибесі мен әділ шешім қабылдайтын шеберлігі үлгі етіліп, халық ауыз әдебиетінде қалған өсиет сөздері мен шешендік сөздері , мақал-мәтелдері айтылды.
«Дала кемеңгері – Мөңке би» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып «Мөңке би», «Бабалар сөзі», «Жәдігер» кітаптарына библиографиялық шолу жасалды.