«Мықтыны өмір сүйеді»

 

2025 жылғы  12  наурыз  күні «АРМАН. ЖІГЕР. ЖЕТІСТІК» жобасы аясында «Мықтыны өмір сүйеді» тақырыбында жігер сағаты өтті.
Шараның қонақтары:
- Гүлмирам Аманжолқызы Сражова – «Dariya» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, «Ақтөбе» спорт клубының паражеңіл атлетикадан жаттықтырушысы,
- Мақсат Амантайұлы Төлегенов – Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының кітапханашысы,
- Ақтоты Сәтмырзақызы Нетуллина – «Стимул плюс» мүгедектігі бар жастар клубы жетекшісі, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының кітапханашысы.
Шараның басты мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмірі арқылы оқырмандардың бойында төзімділік, жігер, шыдамдылық қасиеттерін көтеру, кітапханаға тарту, кітап оқу мәдениетін жетілдіру.
Жігер сағатының қонақтары мүгедек жандардың өмір сүруге ұмтылыстары туралы айтып, жүргізіп жатқан жұмыстары туралы және алдағы уақыттағы жоспарларымен бөліседі.
​​Оқырмандар назарына «Мен өмірді сүйемін» атты кітап көрмесі ұсынылады. Кітап көрмесінен Н.Келімбетовтың «Үмітімді үзгім келмейді», Е.Мырзахметовтың «Медет», І.Есенберлиннің «Ғашықтар», З.Шүкіровтың шығармалар жинағы, С.Қондыбайдың еңбектері, Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романы, Б.Полевойдың «Нағыз адам туралы аңыз» кітаптарымен қатар, жергілікті жазушы Б.Иманғазының «Тауқымет» романы, ақын В.Мартыненконың шығармалары да орын тапты.

2345