
2025 жылғы 6 наурызда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №73 М.Мақатаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде «Шаңырақ» отбасылық оқу клубының кезекті отырысы өтті.
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілген «Қыз еркем-анасымен көркем» атты әдеп сағаты қыз бала мен анасы арасындағы байланысты нығайтып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, қыз баланың отбасы мен қоғамдағы құрметі, олардың әдепті, мейірімді, ұқыпты, жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптасуына оң ықпал тигізуге бағытталған.
Оқырмандар «Ана – өмір шуағы» әдеби монтажында ақындардың Ана туралы жазған өлеңдерін оқып, ситуациялық сұрақтарға жауап берді, «Ана туралы жыр» әнін төгілте шырқады.
«Ана – гүл, ана – өмір шуағы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.