
2025 жылғы 4 наурыз күні Н.Бағанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ақын, журналист Есенбай Дүйсенбайұлының туғанына 85 жыл толуына орай «Ақынның өмір керуені және өлең өзені» атты әдеби жәрмеңке өткізді.
Шара қонағы Қазақстан Республикасының Жазушылар одағының мүшесі, ақын, өнер зерттеушісі, білім беру мәдениет саласының ардагері Қазақстан Республикасының Жазушылар одағының мүшесі Нұрлыбек Қалауов, қазақ поэзиясына өз өрнегін қосқан Есенбай Дүйсенбайұлының өлеңдері, шығармашылығы, еңбек жолы жайлы сөз қозғап, ақынның нақышты жырлардың иесі және поэзиясы жүрек тебірентерлік күшке ие екенін әңгімелесе Айсын" радиожурналистика мектебінің жетекшісі, журналист Айсын Мүрсінқызы Байтакова ақынның журналистика саласындағы еңбегі туралы сөз қозғады.
"Айсын" радиожурналистика мектебінің оқушылары мен «Желкен» әдеби клубының мүшелері ақынның елге, жерге деген жақындығы, перзенттік іңкәрлігі төгілген жырларын оқыды.
Оқырмандар назарына «Сырлы сезім ақыны» атты кітап көрмесі ұсынылды.