«Достық, бірлік, бейбіт күн»

 

2025 жылдың 27 ақпан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында  Алғыс  айту күніне арналған «Достық, бірлік, бейбіт күн» достық алаңын өткізді.

         Шара қонағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің жанындағы «Корей тілі орталығының» кеңесшісі Және Ақтау, Атырау қаласындағы корей тілі орталығы директоры Шимон Сон қазақ халқын ерекше құрметтейтінін айтып, қазақ халқына өз жылы лебізін жеткізсе, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің жанындағы «Корей тілі орталығының» директоры Цой Яна мен   «Шатлық» облыстық татар және башқұрт этномәдени орталығының өкілі Акчурина Нурия Асхатовна өздерінің қазақ жерінде татулықта, бірлікпен өмір сүріп жатқанын, қиын-қыстау кезінде бауырмалдық көрсеткен, жан жылуына бөлеген, бар көмегін аямаған Қазақ еліне мың алғысын айтты.

Достық алаңы Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының және 11 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының  өзге ұлт оқушылары  дайындаған «Біз достықты жырлаймыз!» атты  әдеби-сазды бағдарламасымен жалғасып, ұлттық ойындармен ұласып, береке бірлігі мен ынтымақтың жарасқанын көрсетті.

      «Қазақстан-татулық пен достықтың киелі бесігі» тақырыбында кітап көрмесіне  библиографиялық шолу жасалды.

 

ААлғыс 2Алғыс 5Алғыс 6