«Отбасымен бірге оқимыз»

 

2024 жылы 26 ақпан  күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Шаңырақ» отбасылық оқу клубының отырысын №52 негізгі  мектебінде өткізді.

 «Отбасымен бірге оқимыз» жыр сағатына №52 негізгі мектептің клуб мүшелері мен ата-аналары бірге қатысты.

Шараның мақсаты отбасылық кітап оқу дәстүрін жандандыру, кітап оқу мәдениетін жетілдіру.

Шарада  клуб мүшелері «Жырдың атын тап» ойыны арқылы шатасқан әріптерден жырдың  атын тапса,суреттер арқылы мақал-мәтелдерді  шешті.

Ата-аналарымыз қойылған сұрақтарға жауап беріп, отбасымен бірге кітап оқуда өз ойларын ортаға салды.

 «Кітаппен бірге өсеміз» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.

 

о 1о 2О 3О 5О 6О 7