
2025 жылғы 19 ақпан күні Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Атадан қалған ғибрат» жобасы аясында №2 мектеп–гимназиясының 4 класс оқушыларының қатысуымен «Ұрпағым саған айтам» тәрбие сағаты өткізілді. Оқырмандарды ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ата-баба мұрасын қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында өткізілген шарада оқушылар «Сиқырлы қоржын», «Теңге ілу», «Арқан тартыс» ұлттық ойындарын ойнау арқылы таным көкжиектерін кеңейтіп, викториналық сұрақтарға жауап берді.
Халқымыздың салт-дәстүрін кейінгі ұрпаққа өнеге еткен Ділдә Матайқызы туралы ақпарат беріліп, «Ұрпағым, саған айтам...» кітабы насихатталды.Оқырмандарға «Кітаппен бірге өсеміз» атты кітап көрмесі ұсынылды.