«Ұрпағым саған айтам»

 

2025 жылғы  19 ақпан күні Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы  «Атадан қалған ғибрат» жобасы аясында  №2 мектеп–гимназиясының 4 класс оқушыларының қатысуымен «Ұрпағым саған айтам» тәрбие сағаты өткізілді. Оқырмандарды ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ата-баба мұрасын қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында өткізілген шарада оқушылар «Сиқырлы қоржын», «Теңге ілу», «Арқан тартыс» ұлттық ойындарын ойнау арқылы  таным көкжиектерін кеңейтіп, викториналық сұрақтарға жауап берді.

 Халқымыздың салт-дәстүрін кейінгі ұрпаққа өнеге еткен Ділдә Матайқызы туралы ақпарат беріліп, «Ұрпағым, саған айтам...» кітабы насихатталды.Оқырмандарға «Кітаппен бірге өсеміз» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Ұ.1Ұ. 3Ұ. 4

Ұ.5Ұ 6