«Жас ұрпақ мақтан тұтады»

2025 жылдың 19 ақпан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Ұзақбай Құлымбетов атындағы № 64 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушыларымен  Кеңес Одағының Батыры Қожабай Жазықовтың туғанына 105 жыл толуына орай  «Жас ұрпақ мақтан тұтады» атты тағзым сағатын өткізді.

Ұлы Жеңістің 80-жылдығы қарсаңында Кеңес Одағының батыры, Ақтөбелік  жерлесіміз Қожабай Жазықовтың өшпес ерлігін  жадымызда жаңғырту, оқырмандарымызды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, кітап оқуға баулу мақсатында өткізілген шарада оқырмандарға Қожабай Жазықовтың өмірбаяны мен Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі туралы толық ақпарат берілді.

Оқушылар  «Батырлар елі» атты бейнебаян тамашалап, ерлік туралы мақал-мәтелдер құрастырып, сөзжұмбақ шешіп, «Нақты сұрақ, дәл жауапвикторинасында майдангер-батыр Қожабай Жазықов туралы білімдерін көрсетті.

Оқырмандар назарына «Ел есінде ер болса, өлмес мәңгі ерлігі» кітап көрмесі ұсынылып,  библиографиялық шолу жасалынды.

Б 1Б 2Б 4Б 5Б 6Б 3