«Жыр сұңқары»

2025 жылғы 18 ақпан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар  кітапханасы оқырмандар назарына  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік әнұранының мәтіні авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері Жұмекен Нәжмеденовтың шығармалары бойынша «Жыр сұңқары» атты кітап көрмесін ұсынды. «Жұмекен-Құдірет», «Жұлдызды Жұмекен», «Жұмекеннің жүрегі» атты ақын туралы жазылған шығармалар және «Даңқ пен дақпырт», «Аспан шақырады», «Жаңғырық» атты жеке туындылары насихатталды. 

4318292f 5e9a 4311 8e83 bfcc0b205eeb1a9b8c7f dc13 4788 94d2 f4731f4d272f