«Еңбек пенен сенімің, шығарады жарыққа»

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында 2025 жылғы 12 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялауына орай  «Еңбек пенен сенімің, шығарады жарыққа» кітапханалық  журфикс өткізілді.

Шараның мақсаты еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру,  еңбек етуді жас баланың санасына сіңіру, жұмысшы кәсіптерін насихаттау, қызығушылықтарын арттыру, өнегелі қырларын үлгі ету.

Шара қонақтары  Нұртазин Ерғали электр мастер, Мекенов Нұрлат  машинист, Уразбаева Гүлнар гүл өсіруші, сонымен бірге ардагерлер ұстаз  Нәзипа әжеміз өз тәжірибелерімен ой бөлісті.

Оқушыларымызға әр түрлі маман иелері мамандықтың жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдауда мұқиятылықты қажет ететіндігін түсіндірді.   

Кітапхана директоры Кашкенова Эльмира келген қонақтарымызға алғысын білдірді.

 «Мамандығым – мақтанышым» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

 

е 1е 2е 3е 4е 6