
2025 жылдың 06 ақпанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Жасыл әлем» экологиялық клубының кезекті отырысын № 8 орта мектептің 4-сынып оқушыларының қатысуымен «Көрінбейтін ауа» тақырыбында тәжірбие сағаты өтті.
Шарада жас табиғат жанашырларына адам өміріндегі ең қажетті «ауа»
тақырыбы бойынша қызықты ақпараттар берілді.
Оқушылар тәжірбие сағатында «Ауаны ұстап алайық», «Ауаны сезейік», «Судың астындағы ауаны байқау» тапсырмаларын орындады. Есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында «Жұбын тап», «Пирамида» құрастыру, «Жауын құрт» ойындарын ойнады.
Оқырмандар назарына « Жеріңді аяла, адамзат!» атты кітап көрмесі ұсынылды.