«Абайды сүю арқылы, Ұлтымды сүйем деп білемін!»

 

2025 жылдың 5 ақпан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар  кітапханасы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған «Абайды сүю арқылы, Ұлтымды сүйем деп білемін!» атты әдеби-патриоттық кешін өткізді.

Шара қонағы абайтанушы, ұлағатты ұстаз Қуанышбай Пірмаханұлы адамзаттың рухани қазынасына айналған Абайдың мол әдеби мұрасы туралы терең сөз қозғап, Абайды тану қазақтың өзін-өзі тануы екенін атап өтті. Шараға ZOOM платформасы арқылы Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының насихат бөлімінің меңгерушісі Нұржан Ерланұлы Боранбаев қосылып,  асылдың көзі - ұлттық руханияттың темірқазығы атанған Абай Құнанбайұлының алақанының табы қалған  жәдігерлермен таныстырып,  ақынның өмір сүрген ортасы, шығармашылығы туралы тың пікірлерімен бөлісіп, сақталған дүниелердің құндылығын саралап өтті.

Оқырман назарына «Абай тағылымы-мәңгілік азық» атты кітап көрмесі мен Қазанғап атындағы өнер мектебінің оқушылары дайындаған «Адам болсын десеңіз, Абайды оқы!» әдеби монтаж  ұсынылды. Шараны №1 музыка мектебінің «Дәстүрлі ән» класының оқушысы Жолаушыбай Мақсат «Желсіз түнде жарық ай» әнімен тебіренте аяқтады.

А4А5А6А1