
М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінде жас ұрпақтың бойына адамгершілік, адалдық, әділдік қасиеттерін сіңіру, дүниетанымдарын кеңейтіп, өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу мақсатында «Бұл- адалдық пен әділдік үшін күрес» атты пікірталас өтті.
Оқырмандарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәні түсіндіріліп, адал әрі парасатты болуға шақырды.
Сондай-ақ өзара пікірталасқа түсіп, «Әділдікке жету жолдары қандай?», «Жемқорлыққа қалай қарсы тұруға болады?», «Адалдықтың адами қарым-қатынастағы маңызы қандай?», «Өзіңе –өзің адал болу және өзін-өзі алдау деген не?» сұрақтарына жауап тапты. Тақырыпқа сай интелектуалды ойындар ойнатылып «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Жастардың дүниетанымдарын кеңейтетін дана Абайдың, Шәкәрімнің асыл ойлары мен өсиеттері, «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен», - деп адалдыққа шақырған М.Әуезовтің кітаптарымен қатар, ҚР Заңдары, мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар ұсынылып, жемқорлыққа қарсы бейнебаяндар көрсетілді.