
2025 жылдың 14 қаңтар күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №78 жалпы білім беретін мектебінің салтанат залында халық жазушысы Қуандық Шаңғытбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Мақтанам ұлыңмын деп сенің, қазақ...» жыр сағатын өткізді.
Шара барысында Қ.Шаңғытбаевтың өмір жолы, балалық шағы, туған жері шығармашылық қабілеті, ойының ұшқырлығы, аудармалары жайында терең сөз қозғалып, өткір, терең және тұжырымды өлеңдері жатқа оқылып, туған жерді сүюге шақырылды.
Жазушының шығармашылығы туралы сыр төгетін «Өмірім... Өрнектелген өлеңіммен...» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.