«Табиғатым бүлінбесін!»

  «Жасыл әлем» экологиялық клубының кезекті отырысында  М.Мақатаев атындағы №73 жалпы білім беретін орта мектептің 3 класс оқушыларымен  «Табиғатым бүлінбесін!» тақырыбында экосағат өткізілді. 

Оқырмандарға  түрлі табиғи құбылыстар туралы қызықты, танымды ақпараттар беріліп, қоршаған ортаға деген жауапкершіліктері мен экологиялық сауаттылығын арттыруға  негізделген  ырым-тыйымдар мен логикалық сұрақтар жасырылды, шығармашылық тапсырмалар берілді.

«Жеріңді аяла, адамзат!» атты кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.

табиғат 3табиғат 4табиғат 5табиғат 6табиғат 8табиғат 11