«Елдің рухын көтерген Азаттыққа мың алғыс!»

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Елдің рухын көтерген Азаттыққа мың алғыс!»  атты патриоттық кеш өтті.

Тарихы тереңде жатқан қазақ халқының тәуелсіздікке жету жолындағы  төккен еңбектері, ата-бабаның ұрпаққа қалдырған мұрасы,қанымзда бар салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайлы айтылған айтулы шарада «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Омар Жанар Рысбайқызы, осы қоғамдық бірлестіктің мүшесі Гүлайым Шынтасқызы Жанғалиева қазақ елінің шежірелі тарихындағы  «Желтоқсан оқиғасының» орны мен қасіретін еске алып, қыршын кеткен қазақ жастарының ерлігі жайында терең әңгімеледі.

Оқырмандар назарына «Азат елдің аспаны ашық!» атты әдеби монтажы мен патриоттық әндер, «Тәуелсіздік жас ұрпақтың шаттығы» атты кітап көрмесі ұсынылды.

 

16 ж 116 ж 216 ж 316 ж 416 ж 516 ж 6