«Тәуелсіздік баға жетпес байлық»

к.к 2к.к 3

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы  орталығында  Тәуелсіздік мерекесіне орай  «Тәуелсіздік баға жетпес байлық» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

    Оқырмандарға Тәуелсіздікке дейінгі маңызды кезеңдер мен Тәуелсіздіктің келу тарихы және бүгінгі Қазақстанның жетістіктері туралы ақпарат беріліп,  викториналық сұрақтар қойылды.

Көрмеге еліміздің егемендігін, ұлттық құндылықтарын, мемлекеттің даму жолын таныстырып  ұлттық  бірлік пен еркіндікті дәріптейтін Оразақын Асқардың «Тәуелсіздік тартулары», Қайым-Мұнар Табеевтың «Қазақтың Желтоқсаны», Болат Үсенбаевтың «Тәуелсіздік деген не?»,  Сауытбек Абдрахмановтың «Тәуелсіздік шежіресі», Асқарбек Бектемісовтың «Тәуелсіздік тартуы» сынды бірқатар кітаптар қойылды.м