«Адал жүріп, адал тұр!»

«Оқитын дос іздеймін!» жобасы аясында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы  М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 5 және 6 класс оқушыларымен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған «Адал жүріп, адал тұр!» атты танымдық-ақпараттық сағатын өткізді.

    Шара барысында өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге жас буынның рухани болмысын бекітудің маңыздылығы және қоғамға адалдық - адамның өзіне, өзгеге, болашаққа деген сенімін арттыра түсетіні туралы айтылып, кітап оқуға шақырылды.

Оқырмандар назарына «Адал еңбек еткенге бақыт басын иеді» тақырыбында кітап көрмесі ұсынылып, қоғамдағы адалдық пен жемқорлық туралы әлеуметтік бейнебаян көрсетілді. Белсенді оқырмандар «Оятқыш» атты сергіту ойынында адалдық туралы мақал-мәтелдер айтып, ситуациялық тапсырмаларды орындап, көзге түсті.

адал 4адал 5адал 7адал 8адал 9адал 11