
«АРМАН. ЖІГЕР. ЖЕТІСТІК» жобасы аясында «Менің болашағым жарқын» атты белсенді жастармен кездесу кешін өткізді.
Еліміздің келешегі белсенді жастарымыздың жетістіктерін өнеге қылу, жастардың келбетін саралау мақсатында ұйымдастырылған шарада мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында екендігі айтылды. Шара қонақтары дзюдо күресінен халықаралық спорт шебері, Париж-2024 Паралимпиада ойындарының 5 орын иегері Аяла Базарғалиқызы Мереке, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыка колледжінің 3 курс студенті, VII Халықаралық «Gold accordion» эстрадалық конкурсының 2-дәрежелі лауреаты, облыстық «Бақытты бала – мәңгілік ел кепілі» байқауының Гран-при иегері Нұржан Ержанұлы Маймаков қатысып, адамның мақсатқа жетіп, биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың және денсаулықтың қажеттігін, айтып, өздерінің жетістіктерімен бөлісті.
Қоғамның қозғаушы күші болып табылатын жастар «Жетістікке жету жолында адам бойында қандай қасиет болу керек?», «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегенді қалай түсінесіз?, «Қоғамымызда белсенді жастар көп пе, әлде енжар жалқау жастар көп пе?», «Билік басына жастардың көптеп келуі еліміздің дамуына ықпалын тигізе ала ма?», «Қоғам дамуы үшін қандай жат қасиеттен арылуымыз керек? деген сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтты.
Сыр сұхбатқа толы шарамызда қонақтарымыз өздерінің жылы естеліктерімен бөлісіп, оқырмандарымыздың қызықты сұрақтарына жауап берді.
«Жастар болашаққа апаратын алтын көпір» кітап көрмесіне еліміздің мәртебесін асқақтатып жүрген жалынды жастар туралы кітаптар, мерзімді басылымдар қойылып, өз елін сүйетін адамға биік рух пен шабыт беретін ақын жазушыларымыздың жалынды өлеңдері мен шығармалары оқырмандар назарына ұсынылды.