
2024 жылғы 28 қараша күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Атадан қалған ғибрат» жобасы аясында «Ертегім неткен, мұратына жеткен» тақырыбында сахналық көрініс өткізілді. №15 «Жидек» бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіндері Ы.Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісін, №2 жалпы білім беретін мектеп-гимназияның 3 класс оқушылары «Алдаркөсенің хикаялары» ертегілер желісінен, №73 М.Мақатаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 3 класс оқушылары «Айлакер түлкі мен адал қоян» ертегісі бойынша сахналық қойылым көрсетті. Шараның басты мақсаты қазақ халқының бала тәрбиесінде ерекше орын алатын ертегі жанры арқылы балаларды жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу, озық ойлы, қиялы жүйрік болуға баулу.
«Ертегілер әлемінде» кітап көрмесі ұсынылып, кітапхана қорына түскен жаңа кітаптар оның ішінде бүлдіршіндерге арналған «Буынға бөліп оқимыз», «Ата-анамен оқимыз», «Өзіміз оқимыз» серияларының ертегі кітаптары таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды.