
2024 жылғы 27 қараша күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы № 67 орта мектебінде «Оқитын дос іздеймін!» оқу жобасы аясында «Тарихтан тамшы сыр» көңілді-әдеби ойын ұйымдастырылды. Жобаның мақсаты – балалардың оқу мәдениетін, кітапхананың ақпараттық-көпшілік жұмыстарының белсенділігін арттыру, адамгершілік, рухани, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.
Оқырмандардар «Асу», «Өнер алды қызыл тіл», «Көнерген сөзді жасыру», «Тұлғалар», «Салт-дәстүрлер сөйлейді» туралы кезеңдерден тұратын сайыста өзара жарысып, тартысты ойын үлгісін көрсетті.
Кітапхана қорына жаңадан келіп түскен кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, оқырмандарға ұсынылды.