Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» повесі

2024 жылғы 25 қараша күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясына орай ұйымдастырылған «Атадан ұлағат, анадан ғибрат» отбасы құндылықтарын дәріптейтін шығармаларды талдау барысында Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі бойынша ойталқы өткізілді.  Шараға №73 Мұқағали Мақатаев атындағы жалпы білім беретін  мектептің қазақ тілі және әдебиет пәнінінің мұғалімі Жуманова Шынар қатысып  даңқты қолбасшы, қарымды қаламгердің балалық шағынан үзік сыр шертті. Оқырмандарға қазақ ұлтының салт-дәстүрін, жол-жоралғыларын қайта дәріптеуді насихаттады.

Сондай-ақ № 62 Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің  5 класс оқушылары  белсене қатысып,пікір алмасып, сұрақтарға жауап берді.

 «Даланың дархан данасы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

 

ҰҰ1ҰҰ2ҰҰ4ҰҰ5ҰҰ7ҰҰ8ҰҰ 9ҰҰ 10ҰҰ6