
«АРМАН. ЖІГЕР. ЖЕТІСТІК» жобасы аясында «Еріктілер – ізгіліктің елшісі» еріктілермен сыр-сұхбат өткізді.
Шара қонақтары «Жұбанов Жылуы» волонтерлар қозғалысының жетекшісі Еркеназ Әлібекқызы Әлібек, «Бір қадам» еріктілер тобы жетекшісі Жанерке Аманқызы Мирашева қазақтың қанында бар қасиет ұрпақтың жадынан ешқашан өшпейтінін, қолда барымен бөлісу, өзгеге көмектесу де адамшылықтың, кісіліктің көрінісі екенін айтып, ерікті болу арқылы ортаңызды кеңейтуге, жаңа достар табуға, өзгенің алғысына бөлену деп, жастарды жақсылық жаасауға шақырды.
Оқырмандарға адам жанын ізгілікке тәрбиелеу, тазалыққа баулу сияқты қасиеттерді насихаттайтын халықтың көне дастандары, ертегі-аңыздары, ауыз әдебиеті мен бірге қазақ қаламгерлерінің шығармалары ұсынылды.