
Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гемназиясының мәжіліс залында 7 класс оқушыларымен «Рухы мықты қаламгер» атты шара өткізді.
Шара барысында Сара Мыңжасарованың өмірбаянымен және ұлттық құндылықтарды насихаттап, жастарға өнеге көрсету мақсатында жазылған шығармашылығы мен қайраткерлік тұлғасы туралы терең айтылып, оқырмандар назарына «Рухы мықта қаламгер» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Оқырмандар жазушының шығармалары туралы пікір алмасып, талдау жасады. Тақырыпқа сай сұрақ-жауап ойындары ойнатылып, өзара сайысқа түсті.