«Заманауи кітапхана. Креативті маман. Жаңа Қазақстан»

2024  жылғы 30 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Аудандық балалар кітапханалары қызметкерлерінің қатысуымен «Заманауи кітапхана. Креативті маман. Жаңа Қазақстан» тақырыбында облыстық  семинар ұйымдастырды. 

Шараның мақсаты – балалар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мен кітап оқуға қызығушылықты арттыруда озық тәжірибелермен бөлісу; ақпараттық  қызмет көрсетудің тиімді формаларын, әдістері мен технологияларын меңгеру.   

Семинарда «Жаңа Қазақстан: сандық көкжиектегі шығармашылық кеңістік», «Білімді ұрпақ – біздің болашағымыз», «Каталогизатор мектебі» тақырыптары бойынша сұрақтар талқыланып,  кітапханашылар «Оқитын, дос іздеймін!»,  Ұлттық құндылықтарды құрметтеуге бағытталған «Ұлттық құндылықтар - 21 ғасыр кітапханасында» жобаларының  жұмыстарымен танысып, іс-тәжірибелермен алмасуға мүмкіндік алды.

Жазушы Тобық Жармағамбетовтың туғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Оқы, ақтөбелік өренім!» облыстық оқу марафонының жұмысы қорытындыланды.

Инновациялық технологиялар мен цифрлық ресурстар үйлесім тапқан семинар  кітапхана ісінде жаңа әлемдерді ашуға үлкен көмегін тигізеді деп сенеміз.

семинарсеминар3семинар5семинар6семинар7