«Қыран елім-Қазақстан!»

Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім-Қазақстан!» патриоттық кеші өткізілді.

Патриоттық шара өскелең ұрпақтың бойында танымдық-қызығушылықты, патриоттық және азаматтық сананы дамыту, олардың ой-өрісін кеңейту, Қазақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған.

Шара қонағы  Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының басшысының орынбасары Заманай Қайнарұлы атаулы мерекенің тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің және болашаққа сеніміміздің символы екенін баса айтып, мерекемен құттықтады.

Кеш барысында  № 41 Ф.Оңғарсынова атындағы мектеп-гимназияның «Жас сақшы» полицей сыныптары, Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназияның 5 сынып оқушылары Жұбан Молдағалиевтың «Мен-қазақпын»,Серік Қалиұлының «Қазақстан» өлеңдерін жатқа оқыса,  «Қалалық мәдениет үйінің» «Халықтық ұжым» Сұңқар вокалдық ансамблінің әншісі Кашымова Аделя  «Туған жер», Абрахманова Сабина «Отан»,  Әбдіғазиз Шахислам «Атамекен»  әндерімен  рухты  көтерді.

 Оқырмандар мен  кеш қонақтарын  «Жасай бер, Жаса, Қазақстан!» атты кітап көрмесімен таныстырып, еліміздің жетістіктерін мақтан тұтып,ортақ мақсаттарға бірге  жетуге шақырды.

 

қыран2қыран3қыран4қыран5қыран 6қыран7қыран 10қыран11