« Сәулелі сөздің шебері,жаны жайдары ақын»

       Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №8 орта мектептің 5 класс оқушыларына Сағи Жиенбаветің туғанына 90 жыл толуына орай 

« Сәулелі сөздің шебері,жаны жайдары ақын» әдеби – сазды кеш өткізілді.

    Шараның мақсаты: қазақ поэзиясының оркестрінде өзіндік әсем сыңғыр үні бар Сағидың ақындық өнерін,   оның шынайы шабытынан ширығып шыққан өлеңдері жалпақ жұрттың жүрегіне жол тауып жататын жерлес ақынымыздың асыл мұрасын оқуға насихаттау.

         Шара барысында  Сағи Жиенбаев жайлы бейнебаян көрсетіліп, өмірі мен шығармашылығына тоқталды.Оқушылар «Поэзия минутында» ақынның «Кемпірқосақ», «Оймауыт», «Саяхат», т.б өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, «Филворд» әдісі арқылы кітапхана мен ақынға байланысты сөздерді тапты, «Жалғасын тап!» әдісінде   лирик ақынның өлеңдерін тапты. Сергіту сәті «Стакандар тізбегі»  стакан,резеңке, жіп арқылы балалардың шапшаңдығын, жылдамдықтарын анықтап, жақсы көңіл-күй сыйлады.

Балаларға «Жырлары мөлдір бұлақтай» кітап көрмесі таныстырылды.

 

с1с2с3с4с5с6