
Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Рухани келісім күніне арналған «Рухани келісім – ел үшін» кездесу кешін өткізді.
Шара қонағы «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы теолог маманы Саматов Сапар Саматович еліміздегі тыныштық пен татулықтың маңыздылығына тоқталып, мәдениеттілік, имандылық, адамгершілік, ибалылық, адалдық барлығы осы рухани келісімге жататынын, адам баласы өмірде осы айтылған нәрселердің барлығын бойына сіңіре білсе, ол нағыз иманды адам болып саналатынын, басқа ағым жетегінде кетпеу, ол әркімнің қолында екендігін жеткізіп, өзгелерге құрмет көрсету және жағымсыз әрекеттерден аулақ болу секілді қадамдарды ұстану туралы ақыл-кеңестерін берді.