
Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «АРМАН. ЖІГЕР. ЖЕТІСТІК» жобасы аясында «Ел іші – өнер кеніші» танымал қолөнершілермен сыр-сұхбат өткізді.
Шараға №38 орта мектебінің еңбек және технология пәні мұғалімі Әлібек Төлепбергенұлы, дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылған «Аламан құрақ» жобасына қатысушы жеке кәсіпкер Гүлнар Зинелғабдинқызы Назарбаева мен ақтөбелік құрақшылардың бірі М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының кіші қызметкері Гүлжүзім Нұртазина қатысып, өнердің адам қиялын тербеп, өмірге құштарлығын арттырар құдіретінің бар екенін, жан азығын толықтыруда қазақ өнерінің алар орны туралы әңгімеді.
Оқырмандар назарына өздерінің жасаған қазақтың ұлттық нақыштарын дәріптейтін түрлі бұйымдарын ұсынып, жасалу жолдарының қыр-сырымен бөлісті.