
«Оқитын дос іздеймін!» жобасы аясында М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының салтанат залында Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Отпен жазылған өмірбаян» тағзым сағатын өткізді.
Шара барысында Рақымжан Қошқарбаевтың өмірі мен ерлігі туралы ақпарат берілді, «Рейхстагқа ту тіккен қазақ» атты бейнебаян көрсетілді. Оқушылар «Байрақты жауынгер» квизінен өтіп, ерлік туралы мақал- мәтелдер айтып, «Мерген» сайысында жарысты.
Оқырмандар назарына «Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді» атты кітап көрмесі ұсынылды.