
Бүгін «Болашақ мұра» қоғамдық бірлестігінде «Берекелі, мерекелі – Алтын күз!» атты әдеби қонақжай ұйымдастырылды.
Балаларға «Жайдары күз, жарқын күз» атты кітап көрмесі таныстырылып, «Менің бақшам» ойыны ұсынылды.
Кітапхана ұжымының атынан балаларға тәтті жемістер мен сыйлықтар таратылды.
Шарада №2 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушылары Қайрат Мадияр «Секіртпе» күйін тартып, Жеңісбек Арайлым «Балалық шақ» әнін орындап балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.