«Бақытым да, байлығым да – денсаулық!»

 2024 жылғы  27 қыркүйек күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Позитив» салауаттылық клубының кезекті отырысында №11 жалпы  білім беретін орта мектеп-гимназиясының 7 класс оқушыларымен «Бақытым да, байлығым да – денсаулық!» атты денсаулық жәрмеңкесін өткізді.

Шара барысында клубқа жаңа мүшелер қабылданып, клубтың бағдарламасы мен қызметі таныстырылды. Оқушыларға салауатты өмір салтын ұстану туралы ақпарат беріліп, бейне фильмдер көрсетілді. Денсаулық жәрмеңкесіне арналған қызықты квиз, денсаулық викторинасы мен спортық-көңілді мини-баскетбол ойыны өткізіліп, салауаттылық жаттығуы жасалды.

    Оқырмандар назарына «Дені сау ұрпақ-салауатты өмірдің жалғасы» атты кітап көрмесі ұсынылды.

96902d14 1a63 459e af05 6fea8280315f