
2024 жылғы 26 қыркүйек күні №2 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының 4 класс оқушыларына «Атадан қалған ғибрат» жобасы аясында «Қара, оқы, зердеңе тоқы» атты квиз өткізілді.
Ойынның алғашқы бөлімінде балалар сурет арқылы жасырылған мақал-мәтелдердің жауабын тапты. Келесі бөлімде балалар салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап берді. Ал қорытынды бөлімде жұмбақтар қойылып, тапқырлық пен ой ұшқырлықтарын сынап көрді.
Шарада «Оқимыз. Ойлаймыз. Армандаймыз» тақырыбында кітап көрмесі таныстырылды