«Жастық! Жігер! Еңбек!»

2024 жылғы 26 қыркүйек күні  Еңбек күні мерекесіне арналған «Жастық! Жігер! Еңбек!» атты кітапхана ардагерлерімен, кітапхана мамандарымен кездесу кеші өткізілді.

Сырлы сұқбатқа толы болған әсерлі шарада болашақ кітапханашылар кітапхана мамандығының қыр-сырына қанықты. Кітапхана ардагерлері Р.Т.Қомпақова, А.Ж.Кимағамбетова, Г.Қ.Оразмағанбетова қоғамда елене бермейтін қарапайым кітапханашы мамандығын ұлықтап, мақтанатынын, адал еңбек еткеннің өмірі-ғибрат екенін жеткізіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Білікті ізденімпаз жастарымыз да өздерінің кітапхана ісіне өз үлестерін қосатындарын айтып, үлкендерге ән-жырларымен құрмет көрсетті.

Ұрпақтар сабақтастығының жарасымды жалғасуының көрінісі болған кеш арқылы оқырмандарымыздың өресін биіктетуге арналған міндетімізді адал орындауға, айтылған ұсыныстарды, ортаға салынған ойларды, парасатты пікірлерді ескеріп, жұмыла жұмыс жасауға шақырылды.

12